Жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы

жер үстi көздерiнен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың барлық түрлерi үшiн алынады.

Арнаулы су пайдалану су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретiн рұқсат беру құжатының негiзiнде жүзеге асырылады.

Рәсімделген рұқсат құжатсыз арнаулы су пайдалану суды алудың нақты көлемі белгіленген лимиттерден асып түсетін су пайдалану ретінде қарастырылады.

Су пайдаланудың арнаулы түрлерi Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгiленедi.

Cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың өңiрлiк органдары өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етедi.

Мынадай:

1) жер үстi көздерiнен және теңіз суларынан механикалық және өзі ағып жатқан суды алу жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылғыларды пайдалана отырып;

2) гидравликалық электр станцияларын пайдалана отырып;

3) балық шаруашылығын жүргізу үшін су шаруашылығы құрылғыларын пайдалана отырып;

4) балық ресурстарын өндіру үшін;

5) су көлігі мұқтаждары үшін жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.