Жеке табыс салығының құрылу негіздері

Жеке  табыс  салығының  ерекшелігі  болып  жеке  тұлға  ретінде  салық  төлеушілерді  белгілеу  болып  табылады.

Жеке  табыс  салығын  төлеушілеріне   есепті  жылда  табыс  табатын  резидент  және  резидент  емес  жеке  тұлғалар жатады. Табыс   салығын  төлеуші  жеке  тұлғаларға  ҚР-ның азаматтар,  шетел  азаматтары  және  азаматтығы  жоқ  азаматтар  жатады.

Жеке  табыс   салығының  салық  салу  обьектілері болып табылады:

  • төлем көзінен  салық  салынатын  табыстар;
  • төлем көзінен  салық  салынбайтын  табыстар.

Салық салу объектілері Салық кодексінде көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыстар мен көзделген тәртіппен және мөлшердегі жағдайларда салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.