Жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан

1) балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;

2) жеке тұлғалардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша оларға төленетін сыйақылар;

3) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;

4) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табыстар;

5) дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын осындай бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;

6) пайлық инвестициялық қорларды осы қордың басқарушы компаниясы құнын өтеп сатып алған кездегі пай бойынша табыстар;

8) әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде әскери қызметшілерге берілетін, ішкі істер органдарының, қаржы полициясының, қылмыстық-атқару жүйесі және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары мен мекемелерінің белгіленген тәртіппен арнаулы атақ берілген қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алатын төлемдердің барлық түрі;

9) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мұндай ұтыстарды есептеу күнi қолданыста болатын ең төменгі жалақының 50 проценті шегіндегі лотерея бойынша ұтыстар;

10) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде, қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсіптік оқуға байланысты бюджет және (немесе) гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын төлемдер;

11) гранттар қаражаты есебінен төлемдер (еңбекке ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа);

11-1) Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағыт­тал­ған, Қазақстан Республикасы қатысушысы бо­лып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен жасалатын төлемдер;

12) экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетін төлемдер;

13) мыналардың:

Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестiрiлген адамдардың;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдардың;

1941 жылғы 22 маусым — 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде 6 ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдардың;

I, II, III топтардағы мүгедектердiң;

мүгедек баланың;

«мүгедек бала» деген санаты бар адам он сегiз жасқа толғанға дейiн — мұндай адамның ата-анасының бiрiнiң;

18) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық қызметкерлердің ресми табыстары;

19) шет мемлекеттің мемлекеттік қызметіндегі, сол елдегі табысы салық салуға жататын шетелдіктердің ресми табыстары;

20) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық және соларға теңестірілген өкілдіктерінде қызмет істейтін жеке тұлғалардың бюджет қаражаты есебінен шетелдік валютамен төленетін ресми табыстары;

21) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері;

22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен төленетін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар (мемлекеттің сыйлықақысы);

24) жеке тұлғаны оқытуға бағытталған шығыстар;

25) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;

26) білім беру ұйымдарында оқитындарға Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттік стипендиялар үшін белгіленген мөлшерде төленетін стипендиялар;

32) сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдері;

33) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшердегі ерікті кәсіби зейнетақы жарналары;

37) ислам банкінде орналастырылған инвести­ция­лық депозит бойынша табыс.

Салық Кодексінде көзделген мүгедек баланы, І, ІІ және ІІІ топтардағы мүгедектерді салық салудан босату мүгедектік белгіленген айдан басталған кезең ішінде алынған табыстар бойынша беріледі.