Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер қатарына кімдер жатпайды?

Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мерзімді қызметін өту кезеңінде;

  1. Меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1000 айлық есептік көрсеткіш шегінде — Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ері, «Халық қаһарманы» атағын алған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер.
  2. Меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1500 айлық есептік көрсеткіш шегінде — Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар, I және II топтағы мүгедектер.
  3. Меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1500 айлық есептік көрсеткіш шегінде — Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар.
  4. Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша дара кәсіпкерлер.

Осы аталған тұлғалар пайдалануға не жалға берілген салық салу объектілері бойынша салықты жоғарыда аталған тәртіппен есептеп, төлейді. Басқаша айтқанда, бұл аталған салық төлеушілер санатына жеңілдетілген құқық берілген, яғни өзі таңдаған бір объектіге мүлік салығынан жеңілдік беріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *