Заңды және жеке тұлғалардың әртүрлі көлік

салық төлеушілер салық заңдылығына сәйкес салық салу объектілерін әрбір көлік құралы бойынша салық ставкасын және түзету коэффициенттерін негізге ала отырып, салық кезеңі үшін салық сомасын дербес келесі формула бойынша есептейді:

Σсал.і = (O сал.*СТ сал.і)+коэф.і

Σсал.і- і көлік құралының салық сомасы;

О сал.- і объектісінің салық салуы;

СТ сал.і- і көлік құралының салық ставкасы;

коэф.і- і көлік құралының түзету коэффициенті.

Салық төлеуші салық салу объектілерін, әрбір көлік құралы бойынша салық ставкасын негізге ала отырып, салық кезеңі үшін салық сомасын дербес есептейді.

Жеке тұлғалар сатып алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлiк құралын сатып алған кезде салық сомасын көлiк құралына меншiк құқығы туындаған айдың бірiншi күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi немесе меншiк құқығы тоқтатылған айдың бірiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептейдi.

Иелерінен айдап әкетілген және (немесе) ұрланған деп  саналған көлік құралдарын тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралын есептен шығару кезінде көлік құралына іздеу салу кезеңінде салық төлеуден босату үшін осы негіз бойынша көлік құралын есептен шығарылғанын растайтын құжат негіз болып табылады.

Заңды тұлғалар ағымдағы төлемдер сомасын төлеудi ағымдағы төлемдердi енгізу арқылы салық салу объектілерінiң тiркелген жерi бойынша салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей жүргiзедi.

Көлiк құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңінің 1 шілдесінен кейін алған жағдайда, заңды тұлғалар салық кезеңі үшін декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей көрсетілген көлік құралы бойынша салық төлеуді жүргізеді.

Жеке тұлғалар үшiн бюджетке салық төлеу мерзiмi салық кезеңiнiң 31 желтоқсанынан кешiктiрiлмейтiн күн болып табылады.