Тіркелген салық

Тіркелген салықты төлеушілер:

1) ұтыссыз  ойын автоматтарын;

2) ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлерді;

3) ойын жолдарын (боулинг (кегельбан);

4) картты (картинг);

5) бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын  дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар болып табылады.

Мыналар:

1) бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;

2) бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;

3) ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер;

4) ойын жолы;

5)  карт;

6) бильярд үстелi тіркелген салық салу объектiсi болып табылады.

Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшері:

 Рет

 

Салық салу объектісінің атауы

 

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төменгі мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең жоғары мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
1. Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған,   ұтыссыз ойын автоматы 1 12
2. Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы 1 18
3. Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер 1 4
4. Ойын жолы 5 83
5. Карт 2 12
6. Бильярд үстелі 3 25

Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын  барлық салық төлеушілер үшін жергілікті атқарушы органдар бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілейді.

Тіркелген салық үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.