Корпорациялық табыс салығының экономикалық мазмұны

Салықтар кез-келген өркениетті мемлекеттердің негізгі кіріс көзі. Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген заңды тұлғалардан алынатын барлық салықтар мен алымдардың ішінде  табыс салығының алатын орны ерекше. Әлемнің қандай мемлекеті болмасын, барлығында табысқа не пайдаға салық салынады. Бұл экономикалық категориялардың мазмұны, әсіресе олар салық салу объектісі ретінде қызмет атқарса, олар тұрақсыз болады.

Қазақстан Республикасы өзінің 20 жылдық қысқа тарихында салық салудың жоғарыда аталған екі кестесінде қолданып үлгірді. Қазақ ССР-нің 1991 жылғы ақпанның 14-дегі «Кәсіпорындардан, бірлестіктерден және ұйымдардан алынатын салықтар туралы»  заңына сәйкес салық салу объектісі ретінде пайда алынады. Осы заңды ауыстырған Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы ақпанның 12-дегі «Пайда мен табысқа салық салу туралы» Заң күші бар Жарлығында салық салу объектісі ретінде табыс та, пайда да алынады. Ал 1995 жылдың 24 сәуірінде қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар Жарлығы мен қазіргі Салық кодексінде де табыс салығы нысанына тоқтады және салық салудың ерекше категориясы салық салынатын табысты енгізеді. Жаңа Салық Кодексінде осы кемшіліктер ескеріліп, 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығының бір тұтастығы бұзылып, жеке-жеке салық болып бөлінген және дүниежүзілік халықаралық стандартқа сәйкес заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы  корпорациялық табыс салығы деген жаңа терминмен алынатын болды. Қабылданған концепцияға сәйкес корпоративтік табыс салығының салық салу негізінде заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының салық салу принциптері алынған.