Ойын бизнесіне салынатын салық

Мынадай:

1) казино;

2) ойын автоматтары залы;

3) тотализатор;

4) букмекерлік кеңсе қызмет көрсетулер жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады.

Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде:

1) ойын үстелі;

2) ойын автоматы;

3) тотализатор кассасы;

4) тотализатордың электронды кассасы;

5) букмекер кеңсесінің кассасы;

6) букмекер кеңсесінің электронды кассасы ойын бизнесіне салық салу объектілері болып табылады.

Салық салу объектісінің бірлігінен ойын бизнесіне салық ставкасы:

1) ойын үстеліне – айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 830 еселенген мөлшерін;

2) ойын автоматына — айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 30 еселенген мөлшерін;

3) тотализатор кассасына — айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 125 еселенген мөлшерін;

4) тотализатордың электронды кассасына — айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 125 еселенген мөлшерін;

5) букмекер кеңсесінің кассасына — айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 75 еселенген мөлшерін;

6) букмекер кеңсесінің электронды кассасына — айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген    айлық есептік көрсеткіштің 75 еселенген мөлшерін құрайды.

Ойын бизнесі салығы үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.