Табиғатты қорғау жөніндегі құзыреттердің қарастыратын мәселелері

 Табиғатты қорғау заңдарын жүзеге асыруды басқарушы, қадағалаушы органдар маңызды роль атқарады. Табиғатты қорғауды басқарушы құрылымдарды екі қатарға бөлуге болады: арнайы және жалпы міндетті.

 Табиғатты қорғау жөніндегі құзыреттер өкілетті және атқарушы органдар арасында да бөлінеді. Табиғатты қорғау заңдарына сәйкес жоғары өкілетті органның құзыретіне, негізінен, бес мәселе жатады;

 —  экологиялық саясаттың басты бағыттарын анықтау;

 —  мемлекеттік экологиялық бағдарламаны бекіту;

 —  табиғатты қорғау қатынастарының құқықтық негіздерін анықтау;

 — табиғатты қорғау саласындағы құзыретті және осы саладағы басқару органдарының әрекеті мен ұйымдастыру тәртбін анықтау;

 — экологиялық апат және экологиялық төтенше жағдайлар аймақтарындағы тәртіпті белгілеу.

 Табиғатты қорғау жөніндегі құзыреттер ауылдық өкілетті органдарға да беріледі:

 — өз территорияларында муниципалдық меншікке жатпайтын кәсіпорындарды орналастыру жағдайы мен тәртібін белгілеу;

 — экологиялық және санитарлық нормалар бұзылғаны анықталған жағдайда құрылысты немесе нысандарды пайдалануды тоқтату;

 — өз қарауындағы территорияларда қолайсыз экологиялық салдарға соқтыратын шараларға тыйым салу. Бұл санэпидемстанцияның немесе табиғат қорғау комитетін қорытындысына сәйкес жүзеге асырылады.