Салық саясаты және оның түрлері

  • Салық саясаты – мемлекеттің салық саласында жүргізіп отырған іс-шаралар жиынтығы. Кезеңнің ұзақтығы мен шешілетін міндеттердің сипатына қарай салық саясаты салық стратегиясы мен тактикасына бөлінеді.
  • Салық стратегиясы салық саласындағы мемлекеттің ұзақ мерзімді бағытын қамтиды және ірі масштабты мақсат-міндеттерді шешуді көздейді.

Салық тактикасы салық жүйесі мен салық механизміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу арқылы жақын арадағы міндеттерді шешуге бағытталады.

  • Масштабы мен әсер ету өрісіне қарай салық саясаты ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
  • Ішкі салық саясаты бір мемлекеттік немесе аймақтың ішіндегі жүргізіліп, ішкі мәселелерді шешуді қарастырады.
  • Сыртқы салық саясаты екіжақты салық салуды болдырмауға, әртүрлі елдердің салық жүйелерін унификациялауға жақындатуға бағытталады.
  • Салық саясаты мен салық механизмі көрнекті ірі экономистермен жасалып шығарылады. Оның дұрыстығы практикамен тексеріледі. Егер салық саясаты қолдау таппаса және оны жүзеге асыру теріс нәтижелер әкелетін болса, онда оны жаңасымен ауыстырады.

ХХ-ғасырдың 80–90жж. нарықты экономикасы дамыған өнеркәсіптік елдер тура және жанама салықтарды жетілдіруге, кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған салықтық реформалар өткізді.

90-жылдардың басы – ҚР-ның салық жүйесін құру және қалыптастыру кезеңі. Салықтар кәсіпорындардың пайдасын жоспарлы түрде бөлу жүйесін алмастырды. Мемлекет қоғамдағы процестердің дамуына салық салу арқылы әсер ете бастады. Бірақ бүгінгі күнге дейін ойдағыдай салық жүйесі жоқ.

Барлық мемлекеттерде салық саясатының ғылыми негізделген теориялық зерттеулері мен тиімді және әділетті салық салу әдістемелері практикалық ізденістері жүріп жатыр. Бұл мақсаттарға жету үшін бірінші кезекте салық теориясын білу керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *