ҚР-дағы салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері

Салықтар:

  1. Корпорациялық табыс салығы;
  2. Жеке табыс салығы;
  3. Қосылған құнға салынатын салық;
  4. Акциздер;
  5. Экспортқа рента салығы;
  6. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;
  7. Әлеуметтік салық;
  8. Жер салығы;
  9. Көлік құралдарына салынатын салық;
  10. Мүлік салығы;
  11. Ойын бизнесіне салынатын салық;
  12. Тіркелген салық;
  13. Бірыңғай жер салығы.

Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:

Алымдар:

  1. тіркеу алымдары
  2. автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүргені үшін алым
  3. аукциондардан алынатын алым
  4. жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым
  5. телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға

рұқсат беру үшiн алым.

Төлемақылар:

  1. жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
  2. жер бетiндегi көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы
  3. қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақы
  4. жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
  5. орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы
  6. ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы
  7. радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
  8. қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы
  9. кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы
  10. сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы.