Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн

Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бөлген радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары (белдеулерi, диапазондары) (бұдан әрi – радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары) үшiн алынады.

Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығы байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады.

Байланыс саласындағы аумақтық уәкілетті мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтер береді.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

Мыналар:

1) өздерiне жүктелген негiзгi функционалдық мiндеттерiн орындау кезiнде радиожиiлiк спектрiн пайдаланатын мемлекеттiк мекемелер;

2) Салық Кодексінің 474-бабында аталған төлемақы төлеушілер;

3) радиоәуесқой жеке тұлғалар;

4) бір станция үшін пайдаланылатын жиіліктер үшін ОТ-диапазонды (27 МГц) радиостанциялардың иелері төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

Жылдық төлемақы ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда  белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне негізделе отырып радио байланысының түріне, пайдаланылатын жиіліктердің номиналдарына (диапазон жолдарына), радиоұзартқыштар жинақтамасына, пайдалану аумағына, сондай-ақ байланыс қызметі көрсетілетін елді мекеннің аумағында тұратын халықтың санына байланысты айқындалады.