Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы мемлекеттік табиғи ескерткіштердің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік қорықтық аймақтардың аумақтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы»   Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған ғылыми, экологиялық-ағарту,  мәдени-ағарту, оқыту, туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдаланғаны үшiн алынады.

Табиғат қорғау ұйымдары тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салынатын объектілер туралы мәлiметтер бередi.

Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін төлемақы ставкасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 0,1 айлық есептік көрсеткіш есебінен ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған әрбір күн үшін айқындалады.

Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының ұсынысы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары белгілейді.