Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын

Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы

1) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын;

2)  ұялы байланысты беру құқығы үшін алынады.

Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығы (бұдан әрі – құқық) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады.

Байланыс саласындағы аумақтық уәкілетті мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган  белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтер береді.

«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен құқық алған, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

Төлемақының жылдық ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.