Импорттық акцизделетін тауарға салық салудың тәртібі

Тұрлаулы акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарды ҚР-ның кеден аумағына импорттау кезінде салық базасы импорттық акцизделетін тауардың заттай күйіндегі физикалық көлемі ретінде белгіленеді.

Жеке тұлғалардың ҚР Үкіметі бекіткен нормалар бойынша импорттық акцизделетін мынадай тауарға акциз төленбейді.

Кесте. Акцизделетін тауарлардың кеден шекарасынан бір адамға шаққанда ҚР Үкіметі бекіткен алып өту нормасы

Атауы 1 адамға шаққандағы алып өту нормасы
1) Сыра

2) Шарап өнімдері, шампан

3) Темекі өнімдері

4) Бензин

5) Дизель отыны

5 л

5 л

1000 дана

100 л

150 л

Мынадай импортталатын акцизделетін тауарлар:

1) жол бойы бағытында және аралық аялдама пункттерiнде халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралдарын пайдалану үшiн қажеттi акцизделетiн тауарлар;

2) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзгенге дейiн бүлiнуi салдарынан бұйымдар және материалдар ретiнде пайдалануға жарамсыз болып қалған акцизделетін тауарлар;

3) шет елдiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкілдiктердiң ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналы қатарындағы адамдардың, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, жеке пайдалануы үшiн әкелiнген акцизделетін тауарлар акциз төлеуден босатылады. Аталған тауарлар Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес акциз төленуден босатылады;

4) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн, «Еркiн айналым үшiн тауарлар шығару» режимiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген кеден режимдерi шеңберiнде босатылатын акцизделетін тауарлар;

5) сыйымдылығы 0,1 литрден аспайтын тұтынушы ыдысына құйылған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелген құрамында спиртi бар медициналық мақсаттағы өнiм (бальзамдардан басқа) акциз төлеуден босатылады.