Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі

Мынадай шарттарға сай келетін шағын бизнес субъектілері:

1) дара кәсіпкерлер үшін:

дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде жиырма бec адам болса;

салық кезеңі ішінде шекті табысы 10 000,0 мың теңгені құраса;

2) заңды тұлғалар үшін:

қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде елу адам болса;

салық кезеңі ішінде шекті табысы 25 000,0 мың теңгені құраса, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданады.

Салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.

Салықтарды оңайлатылған декларация негізінде есептеуді салық төлеуші салық салу объектісіне есепті салық кезеңінде 3 процент мөлшеріндегі ставканы қолдану арқылы дербес жүргізеді.

Оңайлатылған декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі.

Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпорациялық) табыс салығы мен әлеуметтік салық түрінде есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *