Патент негізіндегі арнаулы салық режимін мынадай талаптарға сай келетін

1) қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

2) жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыратын;

3) салық кезеңiндегi табысы Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгi жалақының 200 еселенген мөлшерiнен аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады.

Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

Дара кәсіпкер патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін оны қолдана бастағанға дейін орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтінішті табыс етеді.

Патент кемінде бір ай және он екі айдан аспайтын мерзімге беріледі.

Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы  куәлік  көрсетілмейінше, патент жарамсыз болады.

Патент құнын есептеу салық салу объектісіне 2 процент мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүргізіледі. Патент құнын есептеу салық салу объектісіне 2 процент мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүргізіледі. Патент құны:

1)  патент құнының 1/2 бөлігі мөлшерінде — жеке табыс салығы;

2) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдарды алып тастағаннан кейінгі па­тент құнының 1/2 бөлігі мөлшерінде әлеуметтік салық түрінде бюджетке төленуге жатады.

Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.