Мемлекет тарапынан өкіметке экологияны қорғауға жүктелген міндеттер

 Өкіметке экологиялық саясатты жүзеге асыру, бағдарламаларды орындау, табиғат қорғауды басқарушы барлық органдардың жұмыстарын үйлестіру, бюджеттен тыс экологиялық қорларды құру және жұмсау, табиғатты пайдалану төлемдерінің тәртібін белгілеу, халықты экологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету және т.с.с. міндеттер жүктелген:

 1. Экологиялық  саясаттың негізгі бағыттарын анықтау, экологиялық бағдарламаларды бекіту, табиғат қорғауды басқарудың құқықтық және экономикалық негіздерін белгілеу және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 

 2.   Экологиялық бағдарламаларды жоспарлау, қаржыландыру және материалдық – техникалық жабдықтау, табиғатты қорғау әрекеттерін үйлестіру.

 3. Табиғат ресурстарын бағалау және есептеу, табиғи ортаның жағдайын болжау, табиғат ресурстары кадастрларын жүргізу және табиғи ортаның сапасын бақылау.

 4. Зиянды әсерлердің табиғат ресурстарын пайдалану төлемдерінің, зиянды заттардың шығарғаны және қатты қалдықтарды орналастырғаны үшін өлшемдердің нормативтерін бекту.

 5. Мемлекетік экологиялық бақылау, мемлекеттік эколгиялық сараптама, экологиялық зиянды өндірістерді, қызметтерді тоқтату, шектеу шешім қабылдау. Экологиялық қылмыстар үшін қылмыстық және әкімшілік жаза қолдану. Экологиялық құқық бұзушылардың үстінен сотта, арбитраждық сотта қозғау.

 6. Қорықтар жұмысын ұйымдастыру, табиғат ескерткіштерін қорғау, қызыл кітапты жүргізу, экологиялық тәрбие мен білім беру.

 7.  Халықаралық бірлестік қарым-қатынас.

 Аталған мәселелер мен міндеттерді барлық басқарушы құрылымдар орындайды. Олардың әрекеттері бөлектеу: кеңістік және ресурстық бағытта жүреді.

 Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және пайдалану жөніндегі экологиялық саясаты БҰҰ 1992 жылы Рио де-Жанейро Конференциясында қабылданған құжаттарға «Қазақстан-2030» бағдарламасына сәйкес дамиды және оның негізгі бағыттары:

 —  Қазақстан халқының игілігі үшін экологиялық дамудың нақты территориялардың экологиялық табиғи — географиялық жағдайы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету;

 — Нақты территорияларда санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес өмір сүруге қолайлы жағдаймен қатар халықтың ұрпағының денсаулығын жақсартуға жету;

 — Биосфералық тепе-теңдікті жануарлар мен өсімдіктерді генетикалық тұқым қорларын сақтау және қалпына келтіру;

 —  Қазақстанның барлық табиғи ресурстар потенциалын тиімді пайдалану.