Корпорациялық табыс салығының құрылу негізі

Корпоративтік табыс салығы корпорациялардың табысына салынатын тікелей салық. Содай-ақ бюджеттің реттеуші кірісі болып табылады.

Бюджеттің кірісін реттелетін және бекітілетін салықтар құрайды.

Реттелетін салықтар қалыпты мөлшер бойынша бюджеттің әр деңгейі арасындағы бөлінетін салықтар.

Бекітілетін салықтар –тек бір бюджетке түсетін салықтар.

Корпоративтік табыс салығын төлеушілеріне ҚР Ұлттық Банкі мен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, ҚР резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе ҚР-дағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар жатады.