Кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы

Кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн алынады.

Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдалану құқығы көлiктiк бақылау мәселелерi жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік орган беретiн рұқсат құжатымен әрбiр күнтiзбелiк жылға берiледi.

Тиiстi рұқсат құжаты болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын нақты пайдалану төлемақы сомасын өндiрiп алу және бюджетке енгiзу үшiн негiз болып табылады.

Көлiктiк бақылау мәселелерi жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік орган ай сайын, келесi айдың 15-інен кешiктiрмей өзінің орналасқан жеріндегі салық органдарына уәкiлеттi орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салынатын объектілер туралы мәлiметтер береді.

Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

Мемлекеттiк мекемелер төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

Төлемақы ставкасы 1 валдық регистрлік тонна үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 0,26 айлық есептік көрсеткіш есебінен айқындалады.