Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы  плакаттар, стенділер, жарық беруші табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар түрінде Қазақстан Республикасының аумағындағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде және көлік құралдарына орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынады.

Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн (бұдан әрi – жарнама объектiсi) орналастыру:

1) автомобиль жолдары мәселелерi жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрi – жол органы) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен белгілі бір мерзімге беретiн құжат негiзiнде жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектiлерiн орналастыру кезiнде;

2) жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беретiн рұқсат негізінде елді мекендерде, сондай-ақ көлік құралдарында жарнама объектілерін орналастыру кезінде жүргізіледі.

Жарнама объектiлерiн орналастырушы жеке тұлғалар (оның iшiнде дара кәсiпкерлер) және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

Өздеріне жүктелген функцияларды iске асырумен байланысты орналастырылатын сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерi бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.