Акциздерді есептеу механизмі

Акциз сомасын есептеу – белгіленген акциз ставкасын салық базасына қолдану арқылы жүргізіледі.

Егер өзгеше көзделмесе, акцизделетін тауарларға акциз есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 20-нан кешіктірілмей бюджетке аударылуға жатады.

Алыс-берістік шикізат пен материалдардан өндірілген акцизделетін тауарлар бойынша акциз өнімді тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға берілген күні төленеді.

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шикі мұнайды, газ конденсатын өнеркәсіптік қайта өңдеуге беру кезінде акциз олар берілген күні төленеді.

Шарап материалын және сыраны қоспағанда, алкоголь өнімдеріне акциз есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін төленеді.

Акцизге қатысты күнтізбелік ай-салық кезеңі болып табылады.

Әрбір салық кезеңі аяқталған соң салық кезеңдерінен кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей салық төлеуші өзі тіркелген жері бойынша салық органдарына акциз жөніндегі декларация табыс етуге міндетті.

Импортталатын тауарларға акциздер ҚР кеден заңдарында кеден төлемдерін төлеу үшін белгіленген күні төленеді.