Дәнекерлегіш жабдықтар мен қосалқы материалдарды анықтау

Дәнекерлеу машиналарының негізгі жұмысшы органдары, олардың барлық енінде орналасқан және көлденең шыбықшаны бой сымдарымен қыйылысқан барлық нүктелерде біруақытта дәнекерлейтін дәнекерлеу бүркеншігі болып табылады. Бір нүктелі дәнекерлеу машиналарынан айырмашылығы электродұстаушыларға келуші тоқ екі жақты емес (үстінен және астынан), тек біржақты – астыңғы электродтарға келеді. Тоқ дәнекерлеу трансформаторлары арқылы екі қатар бірінен соң бірі орналасқан жұп электродтарға беріледі. Бұл трансформаторлар санын біруақытта дәнекерленетін қыйылысу нүктелерінің санына қатынасты екі есе азайтуға мүмкіндік береді. Дәнекерлеу бүркеншіктері (әр трансформаторға біреуден), жоғарғы жұп электродтар арқылы көлденең шыбықшаны бой сымдарына қысатын, жоғарғы жыл-житын және төменгі жылжымайтын жұп электродтар бекітілген электродұстаушы-лардан тұрады. Біруақытта қосылатын трансформаторлармен дәнекерлеу бүркеншіктер саны тордың бой сымдар санынан тәуелді (дәнекерлеу бүркеншіктерінің ара қашықтығы тордағы бой шыбықшалар арасындағы берілген қашықтыққа сәйкес орнықтырылуы мүмкін). Зауытта тоқ қуаты жеткіліксіз болған жағдайда шыбықшаны барлық қыйылыстарда бірден емес, екі, үш кезекте дәнекерлеуге болады, бұл дәнекерлеу процессін біршама ұзартады.Дәнекерлеу машиналарында барлық механикалық операциялар – торларды ілмектермен ілу және оны бір адымға жылжыту, жоғарғы электродтарды түсіру және көлденең шыбықшаларды бой сымдарына қысу – золотник жабдықтары арқылы қысылған ауаны пневатикалық цилиндрлерге беру арқылы қысып іске асырылады. Операциялар кезектігін басқару және олардың әрқайсысының ұзақтығын, соның ішінде дәнекерлеу тоғын қосу ұзақтығын реттеу, алдын-ала реттелген дәнекерлеу режимі бойынша автоматты іске асырылады.Автоматтық АТМС-14Х75 типті және жартылай автоматтық МТМС типті дәнекерлеу машиналарының принципиальді айырмашылығы тордың көлденең шы-бықшаларын дәнекерлеу бүркеншіктерінің астына беру әдісінде. Бірінші жағдайда шыбықша дәнекерлеу бүркеншіктері бар раманың бас жаңында орналасқан  механизмге беріледі; механизм шыбықшаны іліп алып автоматты электродтардың астына төсейді. Екінші жағдайда жұмысшы қор бункерінен бір-бір шыбықшадан алып дәнекерлеу бүркеншіктерінің электродтары астына қолмен төсейді.  Дәнекерлеу машиналары басқа машиналар және қондырғылармен жиынтықта жалпақ торларды дайын арматуралық элементтер және көлемдік қаңқаларды жартылай фабрикаттар ретінде дайындау үшін ағымды технологиялық бойлар жасауға мүмкіндік береді. Жалпақ торлар үшін орнықтырылған дәнекерлеу машиналарының бойында, машинадан кейін бойлық және көлденң кесу үшін қайшылар орналастырылады, яғни біруақытта екі тор дайындалуы мүмкін.Диаметрі 25 мм-ге дейін шыбық болаттан жасалған жұмысшы арматурасы бар жалпақ қаңқаларды дәнекерлеу МТМК-3Х100 дәнекерлеу машиналарында орындалады. Олар әрекет принципі бойынша жоғарыда қаралған көпнүктелі дәнекерлеу машиналарына ұқсас, бірақ дәнекерлеу трансформаторларының саны және қуаттылығымен ерекшеленеді. Дәнекерлеу келесі ретпен іске асырылады: алдын-ала берілген ұзындыққа кесілген бой біліктері, столдың үстімен кареткада жылжиды, бағыттаушысы бар қабылдау жабдықтары арқылы дәнекерлеу бүркеншіктер электродтарының астына қолмен төселеді; сонан соң барлық операциялар (қор бункерінен көлденең шыбықшалар электродтар астына беру, оларды бой шыбықтарына дәнекерлеу, берілген адымға қаңқа артылған каретканы жылжыту) іске қосатын кнопканы басу арқылы берілген бағдарлама бойынша автоматты орындалады. Дәнекерлеу машинасының автоматтық жұмысын басқару, валға кигізілген, электр қозғалқышпен айналуға келтірілетін жұдырық механизмі көмегімен іске асырылады. Вал шеңберінің анықталған аралықтарында, операциялардың ұзақ-тығы мен кезектігін реттейтін, электрондық жабдықтармен байланысқан жұдырықтар орналасқан.Дәнекерлеу машиналары қаңқаның бой біліктерінің (2-ден 6-ға дейін) санын және олардың арасындаға қашықтықты, сонымен қатар көлденең шыбықшалар ара-сындағы қашықтықты жеткіліті үлкен мөлшерде – 10-ден 400 мм-ге дейін – бір адымнан басқасына автоматты өтіп өзгертуге рұқсат етеді. МТМК-3Х100 машинасы ені 775 мм бір қаңқаның орнына жалпы ені 775 мм-ден аспайтын екі енсіз қаңқаны дәнекерлеуге мүмкіндік береді.