Арматураны кесу, қосу және иіу, түзеу құрылғыларын атап көрсету

Арматуралық болаттарды түзулеу және кесу. Шығанақтарды ширату, арматуралық болаттарды түзулеу және кесу түзеткіш-кесу автомат-станоктарында іске асырылады. Болатты кесуге арналған дөңгелек пышақтары бар СМ-758 және СМ-759 және шыбықшалар мөлшерлерінің өте дәл кесілуін қамтамасыз ететін, шайқалатын гильотинді пышақтармен жабдықталған ИО-33А және ИО-35В жаңа модельді станоктар кеңінен таралды.Шығанақтан ширатылатын сымды түзулеу үшін, оны тез айналатын (1100 айн/мин) түзулеу барабаны арқылы тартады, мұнда сым радиалды қойылған плашкалар тесіктері арқылы өтеді; плашкалардың тесіктері барабанның айналу білігіне қатынасты, барабан айналған кезде айқын амплитудалы толқын түрін қабылдайтындай етіп, плашкаларды тартылатын сым диаметрі мен оның серпімділігі-нен тәуелді керекті мөлшерге бұрау арқылы реттеп жылжытады. Түзулеу барабанының плашкалар арқылы тартылатын тез айналушы сымның әртүрлі бағытта келесі иілу кезінде ол түзуленеді және мұқият жылтырағанша тазаланады. Түзуленген және тазаланған сым, автоматты әрекетке келетін, шайқалатын пышақ көмегімен, шектері 1-ден 9 м-ге дейін берілген ұзындықты шыбықшаларға кесіледі. Сымның беру және түзулеу жылдамдығы орташа 30 м/мин құрайды.