Төсемелі бөлшектерді дайындауды анықтау

Дәнекерленген төсемелі бөлшектерді дайындау. Төсемелі бөлшектер, жұмсақ маркасы Ст.3 арматуралық болаттан жасалған тік немесе иілген білік дәнекерленген, берілген мөлшерлі табақ болат, бұрыш немесе швеллер тілік болып табылады. Темірбетон бұйымында төсемелі бөлшек бекіту әдісі мен орналастыру орнына байланысты, тілік жазықтығына: 1 — анкер тіліктің бүйіріне, 2 — тавр секілді тік бұрышты немесе бастырмалап дәнекерленеді. Бірінші жағдайда флюс қабатының астында тігу доғалық дәнекерлеу, ал екінші жағдайда электр контактылық нүктелі дәнекерлеу қолданылады. Флюс астындағы тавр тәрізді дәнекерлеу теңберіктікті жапсарды қамтамасыз етеді, осы себепті анкерлік білікті өткізу үшін тілікте, кәдімгі доғалық дәнекерлеуде талап етілетін тесік тесу қажеттігі жоққа шығады. Дәнекерлеу алдында стандарттық маркалы флюс 250-300оС-де қыздырылуы және 0,5 мм-ден ұсақ және 2,5 мм-ден ірі дәндерден тазартылуы керек. Диаметрі 8-14 мм біліктер үшін дәнекерлеу ұзақтығы уақыт релесі бойынша 0,5-тен 1,25 сек-қа дейін белгіленеді.Тіліктерді С-229 пресс-қайшылар көмегімен дайындайды. Анкерлік біліктер мен әлгектерді кесу және ию кәдімгі арматуралар үшін қолданылатын станоктарда іске асырылады.Төсемелі бөлшектерді дайындауда ең маңызды мақсат оларды коррозияға қарсы жабынмен қорғау. Ең әсерлісі төсемелі бөлшектердің сыртқы беттерің металлдау (цинктеу) болып табылады. Алдын-ала төсемелі бөлшектер құмнің шапшып ағуымен өңдеуге салынады, осының салдарынан олар барлық ластанудан, күюден тазартылады және оларға бұдырмақты сырт беріледі. Бұл үшін қарапайым конструкциялы аппараттар қолданылады, ірілігі 0,5-тен 2,5 мм-ге дейін металл-құм қысымдылығы 4-6 атм қысылған ауа беріледі.Металлдау цинк және алюминий сымдары, ЭМ-6 типті аппарат көмегімен берілетін кабиналарда орындалады; электр тоғын қосқанда бір біріне жақындап олар вольттік доға пайда болуына ықпал етеді. Вольттік доға әрекетінен сымдардың ұштары балқиды. Аппарат арқылы өтетін қысылған ауа балқыған металлды шашыратады және оны төсемелі бөлшектер бетіне жұқа біркелкі қабатпен қондырады.