Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары және базарлар орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық

Елді мекендердің автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары орналасқан жерлеріне белгіленген базалық ставкалар бойынша 10 есе ұлғайтылған салық салынуы тиіс.

Елді мекендердің автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары орналасқан жерлеріне базалық ставкалар салықты есептеу кезінде қолданылатын елді мекенді жергілікті өкілді орган белгілейді.

Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық ставкасы кемітілуі мүмкін, бірақ ол елді мекен жерлеріне белгіленген ставкалардан кем болмауға тиіс.

Жергілікті атқарушы орган белгіленген сауда орындары тікелей орналасқан елді мекеннің базарлар аумағында бөлінген жерлеріне елді мекен жерлеріне белгіленген базалық ставкалар бойынша 10 есе ұлғайтылған салық салынуы тиіс.

Базарларға қызмет көрсету өңірлері алып жатқан өзге де базар аумағына жоғарыдағы тәртіп бойынша салық салынады.

Мысалы, «Тұлпар» ӨК-нің иелігінде жалпы көлемі 160 м2 автотұрақ бар. Автотұрақ Қызылорда қаласында орналасқан.

Бюджетке төленуі тиіс салық сомасы 13888 теңгені ((160 м2 x 8,68) х10) құрайды, мұндағы, 160 —  жер учаскесінің көлемі, м2.

8,68 – елді мекен жерлері үшін, тұрғын үй қоры, олардың іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкасы, теңге\м2;

10 – Салық кодексінің 337 бабының 2 тармағының 1 тармақшасына сәйкес жер салығының ставкасын өсіру саны.

Мал сату жөніндегі базарларға жер салығы елді мекен жерлеріне белгіленген ставкалар бойынша салық салынады.