Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын салық

Ауыл шаруашылығы мұқтаждары үшін не осы мақсатқа арналған жер ауыл шаруашылық мақсатындағы жерге жатады.            Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары 1 гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады. Жер салығының базалық ставкасы бойынша сараланады. Жер салығының базалық ставкасы республикасының жерге орналастыру органдары анықтайтын бонитет балы өлшемімен топырақтың табиғи құнарлығына негізделеді және ҚР екі аймағы бойынша сараланады:

1.Жазық аумақтардағы далалық және қуаң далалық аймақтардың кәдімгі және оңтүстік қара топырақты, күңгірт қызыл, қоңыр және қызыл қоңыр топырақты, сондай-ақ тау бөктеріндегі күңгірт, қызыл қоңыр, сұр топырақты және тау бөктеріндегі қара топырақты жерлеріне бонитет балына бара-бар жер салығының базалық ставкалары белгіленеді.

Кесте 1. Жазық аумақтардағы далалық және қуаң далалық аймақтар жерлеріне салық ставкасы

1-10

11-20

21-30

31-40

41-50

51-60

61-70

71-80

81-90

91-100

100-ден жоғары

0,48 – 2,41

2,89 – 4,82

5,31 – 9,65

14,47 – 24,12

28,95 – 38,60

43,42 – 53,07

57,90 – 82,02

86,85 – 110,97

115,80 – 144,75

149,57 – 193,00

202,65

  1. Жартылай шөлейт, шөлейт және тау бөктеріндегі шөлейт аумақтардағы бозғылт қызыл қоңыр, қоңыр, сұр қоңыр, бозғылт және кәдімгі сұр топырақты, сондай-ақ таулы-далалық, таулы-шалғындық-далалық таулы альпілік және субальпіліктопырақты таулы аймақтардағы жерлерге бонитет балына бара-бар жер салығының базалық ставкалары белгіленеді.

Кесте 2. Жартылай шөлейт, шөлейт және тау бөктеріндегі шөлейт аумақтардағы жерлерге салынатын салық ставкасы

1-10

11-20

21-30

31-40

41-50

51-60

61-70

71-80

81-90

91-100

100-ден жоғары

0,48 – 0,96

1,45 – 4,82

5,31 – 9,65

10,13 – 14,47

14,96 – 19,30

19,78 – 24,12

24,61 – 30,07

30,69 – 36,15

36,71 – 42,17

42,18 – 48,25

50,18

Мысалы, жалпы көлемі 300 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер «Кеңгір-Агро» ӨК тиесілі. Топырақтың орташа бонитет балы – 10 балл. ӨК жері Талап ауылында орналасқан. Бұл жағдайда жер салығының сомасы 288 теңгені (300 га х 0,96 теңге\га) құрайды.

Мұндағы, 300 – жер учаскесінің алаңы, га;

0,96 – 10 бонитет балы кезінде а\ш мақсатындағы жерге жер салығының базалық ставкасы.