Жеке тұлғалардың жер учаскелеріне салық салу ерекшеліктері

Жеке тұлғаларға өзіндік (қосалқы) үй шарушылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, берілген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге, базалық салық ставкалары мынадай мөлшерде белгіленеді:

  • көлемі 0,50 гектарға дейін қоса алғанда – 0,01 гектар үшін 20 теңге;
  • көлемі 0,50 гектардан асатын алаңға – 0,01 гектар үшін 100теңге.

Мысалы, жеке тұлғаға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден саяжай құрылысын жүргізу үшін 1 гектардан жер беріледі. Жеке тұлғалардың жерлері көбінесе сотықпен есептелгендіктен 1 гектарды сотыққа, яғни 100 сотық деп аламыз. Сонда жеке тұлғаның 50 сотыққа дейінгі жерінің әр бір сотығына 20 теңгеден, 50 сотықтан асқанына — әр 1 сотығына 100 теңгеден есептеу қажет. Сонда 1 га не 100 сотық жерге жер салығы төмендегіше есептелінеді:

50 сотық * 20 теңге=1000 теңге

50 сотық * 100 теңге=6000 теңге

сонымен жеке тұлға 100 сотық жеріне 6000  теңге жер салығын төлеуге тиіс.

Мысалы, жеке тұлғаның «Арай» ӨК-інде бағбандық жүргізуге арналған 0,12 га жер учаскесі бар.

Бюджетке төленуге жататын жер салығының сомасы 240 теңге (0,12 га * 20 теңге)\0,01 га),

Мұндағы,

0,12 га – жер учаскеснің алаңы;

20 – жеке тұлғаларға өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, берілген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге базалық салық ставкасы;

Елді мекендердің тұрғын үйге қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй қоры, о.і. ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерлеріне жататын жер учаскесінің бір бөлігі үй іргесіндегі жер учкскесі деп есептелінеді.

Үй іргесіндегі жер учаскелеріне мынадай базалық салық ставкалары бойынша салық салынуға тиіс:

1) Астана, Алматы қалалары немесе облыстық маңызы бар қалалар үшін:

— көлемі 1000 шаршы метрге дейін қоса алғандөқа – 1 шаршы метр үшін 0,20 теңге;

— көлемі 1000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метр үшін 6,00 теңге.

Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық ставкалары 1 шаршы метр үшін 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін.

Мысалы, қала тұрғыны 1200 шаршы метр үй іргесіндегі жер учаскесіне жер салығын төмендегіше есептеп төлейді:

1000*0,20 теңге =200 теңге

200*6 теңге =1200 теңге

Сонымен, 1200 шаршы метр үй іргесіндегі жерге азамат 1 жылға 1400 теңге жер салығын төлейді.

2) Басқа елді мекендер үшін:

— көлемі 5000 шаршы метрге дейін қоса алғандөқа – 1 шаршы метр үшін 0,20 теңге;

— көлемі 5000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метр үшін 1,00 теңге.

Ал басқа елді мекендегі жеке тұлғалар үй іргесіндегі жерлеріне бұдан біршама төмен салық төлейді, яғни аудандық маңызы бар қала, мысалы, Қарасай қаласының тұрғынының 7000 шаршы метр үй іргесіндегі жері болатын болса, салық төмендегідей есептеледі:

5000*0,20=1000 теңге

200*6 теңге=1200 теңге

Барлығы: 1000+2000=3000 теңге салық төлейді.