Арматуралық бұйымдарды дәнекерлеу арқылы өндіру

Дәнекерленген арматуралық торлар бір-біріне перпендикуляр екі бағытта орналасқан және қиылысқан жерлері жанасқан нүктелік дәнекерлеумен байланыстырылған жекелеген стержіндерден тұрады. Бұл стержіндердің f3-5мм Вр-І; f6-10мм А-ІІІ. Дәнекерленген торлар – орамалық және жазық болады.Орамалық тордың ұзындығы ораманың салмағымен шектеледі Жазық тордың МЕСТ 8478-81 бойынша өлшемдері шектеледі, олардың ұзындығы  мм, ал ені  мм аспау керек. Тордың сортамент бойынша белгісі  мұнда: Т — тор;D – бойлық стержіндердің диаметрі; — бойлық стержіндердің адымы;d — көлденең стержіндердің диаметрі;u — көлденең стержіндердің адымыk — көлденең стержіндердің ерікті ұшы;С1, С2 — стержіндердің ерікті ұшы;Тордың бойлық немесе көлденең стержіндері жұмыстық болуы мүмкін. Кейбір тордың жұмыстық арматура ретінде екі бағытта жатқан стержіндері болады. Жұмыстық арматураға перпендикуляр жатқан стержіндер монтаждық деп есептеледі.Дәнекерленген жазық қаңқалар – бойлық және оларды байланыс-тырушы көлденең стержіндерден тұрады. — монтаждық  — жұмыстық — сортамент бойынша есеп  арқылы.Бойлық сержіндер қаңқаның биіктігі бойынша бір қатар (а), екі қатар (б) болады, ал көлденең стержіндердің бір жағында немесе екі жағында (в) орналасуы мүмкін.Тордың және қаңқаның нүктелік дәнекерлеудің сапасы  қатынасына байланысты. Осы қатнасы  төмен болмау керек. Ол үшін қаңқаларды жобалау кезде пісіріп дәнекерлеу технология шартын орындау керек [Байков В.Н. Железобетонные конструкций, 1991г. – ІХ кестеде берілген].Кеңістіктік қаңқалар – жазық қаңқалардан құрастырылады. Осындай қаңқаларды пайдалану арматуралық бұйымдарды дайындау технологиясын жақсартуға мүмкіндік береді.