Қалдықсыз технологиялық жүйе

 Қалдықсыз технология дегеніміз адам қажеттілігіне қажетті табиғи ресурстарды және энергияны ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мен қоршаған ортаны қорғауда ғылыми әдістерді және құралдарды тәжірибелік тұрғыда қолдану болып табылады. Қалдықсыз технологиялық жүйе дегеніміз бұл шаруашылық іс әрекеттер нәтижесінде қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізбейтін бөлек өндіріс немесе өндірістер жиынтығы, мысалы:

  •  Ұйымның көп уақыт қызмет етуі

  •  Көп рет қолдану мүмкіндігі

  •  Жөндеу қарапайымдылығы

  •  Өндірістік циклға қайтып оралау жеңілдігі немесе қатардан шыққаннан кейінгі экологиялық зиянды емес нысанға ауысуы

 Қалдықсыз технологиялық үрдістер теориясы табиғатты пайдаланудың негізгі заңдарына сай екі алғышартқа сүйенеді:

  • Бастапқы табиғат ресурстарынан барлық мүмкін болатын өнімдер бір рет толық өндірілуі тиіс

  • Өндіретін өнімдер қолданыстан кейін тіке бағыттар бойынша жеңіл түрде жаңа өндірістің бастапқы элементтеріне айналуы мүмкін

 Өндірістің қалдықсыз деңгейін бағалау өте күрделі мәселе болып табылады және өндірістің барлық салаларына бірдей жүргізіле бермейді. Жалпы өндірістің қалдықсыз жұмыс істеу деңгейін кешенді түрде бағалау мыналарға негізделуі қажет:

  •  Тек қалдықсыз деңгейін ғана емес, сонымен қатар табиғи ресурстарды пайдалану деңгейін есептеу.

  •  Қарапайым материалдық балансқа негізделіп өндірісті бағалау, яғни соңғы өнімнің шикізаттар және жартылай фабрикаттарға қатынасын анықтау

  •  Қалдықсыз деңгейін әр өнім бірлігіне шаққандағы қалдық саны арқылы.

 Қалдықсыз өндірісті құрудағы негізгі қағидаларға шикізатты кешенді пайдалану түбегейлі жаңа және жұмыс жасап тұрған технологияларды жаңарту, тұйықталған су және газ айналым циклондарын құру кәсіпорынды кооперациялау және аумақтық өнідірстік кешендер құру жатады. Қалдықтардың негізгі көздеріне жататындар:

  •  Шикізат қоспалары яғни дайын өнім алу үшін осы өндірісте қолданылатын компонеттері

  •  Үрдістің толық жүрмеуі

  •  Қолданбайтын заттарды қалыптастыратын химиялық реакциялардың пайда болуы

 Шикізатты ұтымды және кешенді пайдалану оның қолданылмаған санын азайтуға, дайын өнімдердің ассортиментін көбейтуге, бұрын қалдықта кеткен шикізат бөлігіне жаңа өнім шығаруға ықпал етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *