Экологиялық аудиттің орындайтын зерттеулері мен өлшеу түрлері

 Экологиялық аудит — экономикалық субъектілер қызметінен келетін экологиялық тәуекелдің ауқымын айқындау жоне оларды төмендету, болдырмау мақсатымен олардың қызметінің ұлттық табиғат қорғау заңдарының талаптарына, таңдаулы экологиялық іс-тәжірибеге немесе компанияда қабылданған саясатқа сай келуін тәуелсіз бағалаудың арнаулы рәсімі. Ішкі және сыртқы Экологиялық аудит түрлеріне бөлінеді

 Экологиялық аудиттың мақсаттары аудит жүргізілетін субъектінің қызметінің қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы ҚР заңнамасының талаптарына сәйкестігінің әділ бағасын алу; экологиялық тәуекелдіктерді анықтау және экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша ұсыныстамалар әзірлеу болып табылады. Экологиялық аудитты (міндетті және бастамашылық аудитты) ҚҚАЭ тапсырыскермен және аудит жүргізілетін субъектімен алдын ала өзара келісілетін экологиялық аудит жүргізу жоспарына сәйкес жүргізеді.

 Экологиялық аудитты ҚҚАЭ аудит жүргізілетін субъектінің қоршаған ортаға ықпал бойынша есептілігін талдау жолымен жүргізеді.Экологиялық аудитті жүргізген кезде, қажет болған жағдайда, ҚҚАЭ төмендегідей мақсаттарда арнайы зерттеулер мен өлшеулерді орындауы мүмкін:

  •  қоршаған ортаға келтірілетін ықпал туралы есептіліктің дәйектілігін талдау;

  •  өндірістік-технологиялық үдерістің экологиялық талаптарға сәйкестігін бағалау;

  •  өндірістік экологиялық бақылау (соның ішінде өндірістік мониторинг) жүйесінің экологиялық талаптарға сәйкестігін бағалау;

  •  аудит жүргізілетін субъектінің қызметкерлерінің біліктілік деңгейін бағалау.

 аудит жүргізген кезде ҚҚАЭ ұстанатын негізгі қағидалар:

  •  нысанның (кәсіпорынның) қызметінің экологиялық проблемаларын қарастырудың, кәсіпорынның табиғат қорғау заңнамасының талаптарын орындауының жан-жақтылығы;

  •  зкологиялық тәуекелдіктерді айқындау;

  •  экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

  •  Келісімшартпен көзделген мерзімдерде экологиялық аудиторлық есепхатты құрастыру;

  •  аудитті орындаушының жұмыстың орындалу сапасы үшін жауапкершілігі.

 Әр түрлі ұйымдар өзінің экологиялық саясаты мен экологиялық мақсаттарын есепке ала отырып коршаған ортаға қызметінің, өнімінің және қызмет көрсетуінің нәтижелерінің әсер етуін бақылау арқылы экологиялық тиімділікке қол жеткізуге және оны көрсетуге барынша мүдделі бола бастады. Бұл заңнаманы қатаңдандыру, экономикалық саясат пен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған басқа да шараларды дамыту, сондай-ақ қоршаған орта мәселелеріне мүдделі тараптардың назарының көтеріңкі болу және түрақты даму шарттарымен жүзеге асырылады.

 Көптеген ұйымдар экологиялық тиімділігін бағалау үшін экологиялық «талдау» немесе «аудиттер» жүргізеді. Дегенмен өздігінен осы «талдаулар» мен «аудиттер» ұйымның өзінің экологиялық тиімділігі заңнамада қарастырылған талаптар мен экологиялық саясатына жауап беріп қана қоймай, болашақта оларға сәйкес келетініне сенімділікпен қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. Тиімділігін камтамасыз ету үшін «талдаулар» мен «аудиттер» менеджмент жүйесі аясында жүргізілуі және ұйымның жалпы экімшілік кызметімен біртұтас бірігуі тиіс.

 Экологиялық менеджментке таратылатын халықаралық стандарттар экологиялық және экономикалык мақсаттарға кол жеткізуде ұйымдарға көмектесу үшін менеджменттің басқа элементтерімен біріктіріле алатын экологиялық менеджменттің тиімді жүйесінің элементтерімен ұйымдарды қамтамасыз етуге арналған.

 Осы стандарттар басқа халықаралық стандарттар сияқты саудадағы тарифсіз кедергілерді жасау мақсатында пайдалагуға не ұйымның қүқықтық міндеттемелерін қатаңдандыруға немесе өзгертуге арналмаған