Акциздік салық салу негіздері

Акциз латынның «ассiido» деген сөзі, кесіп алу, кесіп тастау деген мағынаны білдіреді, яғни тұтынудың бір бөлігін «кесіп алады». Мемлекет акциздерді қазыналық кірісті молайту үшін, жекелеген тауарлар түрлерін пайдалануды шектеу үшін және осы мақсатты үйлестіру үшін енгізеді.

Акциз – тауардың бағасына енгізілетін және сатып алушы төлейтін жеке жанама салық болып табылады және кәсіпорынның қаржылық нәтижесіне еш ықпал етпейді, себебі салықтың ақырғы төлеушісі болып акцизделетін тауардың тұтынушысы табылады. Акцизделетін тауарлар тізіміне бірінші қажеттіліктегі өнімдер болып табылмайтын тауарлар енгізілген (алкогольді өнімдер, темекі бұйымдары, жеңіл көліктер және т.б.), яғни акциздер ерекше қасиеттеріне қарай бағасы монополиялы түрде жоғары және сұранысы тұрақты тауарларға салынады. Сондай-ақ тауар өндірушілер алған үстеме пайданы мемлекеттік бюджеттің кірісіне алу үшін жоғары рентабельді (сән-салтанат) тауарларына салынады.

Мыналар:

  • ҚР аумағына акцизделетін тауарлар шығаратын;
  • акцизделетін тауарларды ҚР кедендік аумағына импорттайтын;
  • ҚР аумағында бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын;
  • егер ҚР заңдарына сәйкес бұрын ҚР аумағында аталған тауарлар бойынша акциз төленбесе, конкурстық массаны, тәркіленген, иесі жоқ акцизделетін тауарларды, сондай-ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және ҚР аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады.

1) акциз төлеушінің өзі шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:

  • акцизделетін тауарларды өткізуі;
  • акцизделетін тауарларды алыс-берістік негізде қайта өңдеуге беруі;
  • алыс-берістік, оның ішінде акцизделетін шикізат пен материалдарды, қайта өңдеу өнімдері болып табылатын акцизделетін тауарларды беруі;
  • жарғылық капиталға жарнасы;
  • заттай ақы төлеген кезде акцизделетін тауарларды пайдалануы;
  • өндірушінің акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтуі;
  • өндірушінің жасап шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған тауарларды өздерінің өндірістік мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдалануы;
  • өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан ауыстыруы;

2) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі;

3) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі;

4) конкурстық массаны, тәркіленген және (немесе) иесіз, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделген тауарларды өткізуі;

5) акцизделетін тауарлардың бүлінуі, жоғалуы;

6) акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импорты акциз салынатын объект болып табылады.