Табиғатты қорғау

Табиғатты қорғау табиғаттың өзіндік болмысын сақтау немесе оны ұалпына келтіру арқылы табиғи реурстарды ысырапсыз пайдалану үшін құрылған мемелекеттік жүйедегі қоғамдық шара. Ол әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Соның бірі айналадағы табиғи ортаны құқықтық қорғау. ҚР экологиялық құқығы «айналадағы табиғи ортаны қорғау» туралы заңы адамның өмірі мен денсаулығы үшін, айналадағы табиғи ортаның қолайлы болуына тиісті құқықпен қамтамасыз етуге қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін көздеп, айналадағы табиғи қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеуге және адам қызметінің осы табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеуге, табиғи тепе теңдікті сақтаумен, табиғатты ұтымды пайдалану ісін ұйымдастыруға бағытталған.

 Республикада айналасындағы табиғи ортаны қорғау жөніндегі қатынастар еліміздегі табиғи ортаны әсер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау туралы заңдарымен реттеледі. Бұл заңдылықтардың міндеттері:

  •  Адамның тұруы үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету, табиғи қорларды ұтымды пайдалану, жаңғырту және неғұрлым ұзақ мерзімге сақтау, айналадағы табиғи ортаны сауықтыру мен жақсарту оған шаруашылық және өзге қызметтің зиянды ықпал жасауында жол бермеу мақсатында айналадағы табиғи ортаны қорғау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттеу.

  •  Осы қоғамдық қатынастар саласында азаматтардың кәсіпорындардың, мекемелермен ұйымдардың құқықтарын қорғау.

  •  Табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық шараларын белгілеу.

  •  Әр алуан экологиялық жүйелер мен өңірлерді бірегей табиғи объектілерді және соларға байланысты мәдени мұраны сақтау.

  •  Қоғамдық қатынастардың осы саладағы заңдылық және құқықтық тәртібін нығайты.

  •  Экологиялық құқық бұзушының келтірілген сипатына қарай түрлері Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін заң алдындағы жауаптылық Қазастанда экологиялық заңдардың бұзылуы кең тараған. Қоршаған ортаны қорғауға байланысты мемлекет белгілеген ережелерді бұзу заң бойынша жауапкершілікке соқтырады. Өкінішке орай елімізде экологиялық заңдарды бұзатын жағдайлар жиі кездеседі. Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз жеке және заңды тұлғалардың (мекеме, ұйым, ұжым) мемлекеттің эколгиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты қаупін тудыратын құыққа қайшы келетін әрекет немесе әркетсіздік түріндегі іс қимыл. Экологиялық құқық бұзушылық белгелерін қарастырайық:

  •  Құқық бұзушылық кінәсінің болу. Кінә­ол құқық бұзуышының жасаған құыққа қарсы әрекетіне психикалық қатынасы, ол қасақана не абайсызда болуы мүмкін. Мысалы: заңсыз аңға шығу, ормандағы ағаштарды заңсыз кесу тек қасаналы болады, ол судың, жердің, ауаның ластануы абайсыздан болу мүмкін.

  •  Құқық бұзушының құқыққа қарсы мінез­құлқы. Бұл экологиялық нормалардың және басқа да заңдардың бұзылуын білдіреді.

  •  Экологиялық құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігі қоршаған табиғи ортаға жеке заңды тұлғалардың, мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне келтіретін нақты зиянының болуы немесе келтіру қаупінің болуын қарастырады.

  •  Құқыққа қарсы әрекет пен келтірілген зиян арасындағы себепті байланыстың болуы.

  •  Құқық бұзушыға заңды жауаптылық шараларын қолдану яғни жазалану белгілері қолданылады.

 Экологиялық құқық бұзушылық әртүрлі болады. Олар келтірілген зиянның сипатына қарай мынадай түрге бөлінеді:

  •  Қоршаған табиғи ортаны және жекелеген табиғи объектілерді (орман, су, жер қойнауы және т.б.)

  •  Табиғи объектілерді бүлдіру, бұзу, жою (жерді бүлдіру, қызыл кітапқа енгізілген жануарларды жою, орманды ағын сулармен құрту т.б.)

  •  Табиғи қорлардың азып­тозуы

  •  Табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалану. Мысалы: суды ысырапсыз пайдалану