Салықтың қаржы-құқықтық категория ретіндегі ерекшеліктері қандай?

Салық – мемлекет бір жақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде қайтарымсыз және өтеусіз, тұрақты сипатта бюджетке төленетін міндетті ақшалай жарналар.

  1. Салықтың құқықтық белгілері:
  2. Салықты – мемлекет немесе уәкілдік берілген мемлекеттік орган белгілейді
  3. Салық – мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады
  4. Салық – мәжбүрлеме сипатта болады
  5. Салық – құқықтық нысанда жүзеге асады
  6. Салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды
  7. Салық төлеу арқылы ақшаны алу құқықтық сипатта жүзеге асырылады