Көлік салығын төлеушілер қатарына кімдер жатпайды?

Мыналар:

1) жалпы меншiк құқығында өзiнiң мүшелерiне тиесiлi және өзiнiң ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру, сақтау және өңдеу процесiнде тiкелей пайдаланылатын, меншiк құқығындағы мынадай көлiк құралдары бойынша бірыңғай жер салығын төлеушiлер:

двигателiнiң көлемi 2500 текше сантиметрге дейiнгiнi қоса алғанда, бір жеңiл автомобиль;

1:1 қатынасты сақтай отырып двигателiнiң шектi жиынтық қуаты 1000 гектар егiстiкке (шабындықтарға, жайылымдарға) 1000 кВт мөлшеріндегі жүк автомобильдерi.

2) өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде пайдаланылатын мынадай мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер:

 

сүт немесе ауыл шаруашылығы мақсаттарына су тасымалдауға арналған автомобиль-цистерналар;

ветеринария қызметінің автомобильдері,

автозообиологиялық зертханалар,

автожемтасығыштар;

автотиеуіштер,

дән сепкіштерге автоқұйғыштар;

тыңайтқыш енгізуге арналған автомашиналар;

ұшақтарға минералдық тыңайтқыштарды және улы химикаттарды

автотиеуіштер;

тең штабельдерін автотасымалдауыштар;

автоулыжемшашқыш;

пәлекжинағыш машиналар;

а/ш АН-2 әуе кемесі;

өздігінен жүретін дестелегіштер;

астық жинағыш комбайндар;

доңғалақты тракторлар, өздігінен жүретін шассилер және оңтайлы энергетикалық құралдар;

мал азығын жинағыш комбайндар;

ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі автомобиль-шеберханалар;

өздігінен жүретін шөп шапқыштар;

маялағыштар;

 

жинағыш комбайндар (тамыржемістілерді, картопты, қызанақты, көк бұршақты, мақтаны және басқа да ауыл шаруашылығы өнімін жинауға арналған);

3) мемлекеттік мекемелер;

4) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соларға теңестірілетін адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек еткен;

5) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша — меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер;

6) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша — Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;

7) ауыл шаруашылығы құрылымынан шығу нәтижесінде пай ретінде алынған, пайдалану мерзімі жеті жылдан асқан жүк автомобильдері бойынша жеке тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылмайды.

 

  1. Көлік құралдарына салынатын салықтың ставкалары

 

Салық салу объектiсi Салық ставкасы (айлық есептiк көрсеткiш)
1.

 

Двигателiнiң көлемi мынадай жеңiл автомобильдер (текше см.):  
1100-ге дейiн қоса алғанда 1
1100-ден жоғары 1500-дi қоса алғанда 2
1500-ден жоғары 2000-ды қоса алғанда 3
2000-нан жоғары 2500-дi қоса алғанда 6
2500-ден жоғары 3000-ды қоса алғанда 9
3000-нан жоғары 4000-ды қоса алғанда 15
4000-нан жоғары 117
2. Жүк көтергiштiгi мынадай жүк, арнайы автомобильдер (тiркемелердi есептемегенде):  
1 тоннаға дейiн қоса алғанда 3
1 тоннадан жоғары  1,5 тоннаны қоса алғанда 5
1,5 тоннадан жоғары  5 тоннаны қоса алғанда 7
5 тоннадан жоғары 9
3. Тракторлар, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдері, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында жүруге арналмаған  басқа да автокөлік құралдары 3
4. Автобустар:  
отыратын 12 орынға дейiн қоса алғанда 9
отыратын 12-ден жоғары 25 орынды қоса алғанда 14
отыратын 25 орыннан жоғары 20
5. Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, шағын кемелер, двигателiнiң қуаты:  
55 кВт-ға дейiн қоса алғанда 1
55 кВт-дан асатын 10
6. Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар (двигателiнiң қуаты мынадай ат күшiне тең):  
160-қа дейiн қоса алғанда 6
160-тан жоғары 500-дi қоса алғанда 18
500-ден жоғары 1000-ды қоса алғанда 32
1000-нан жоғары 55
7. Ұшу аппараттары әрбір киловатт қуаттан айлық есептiк көрсеткiштiң

4 пайызы

8. Мыналарды:

магистральды жолдар бойымен поездардың кез келген санатын жүргiзу үшiн;

магистральды, станциялық және тар және (немесе) кең табанды кiрме жолдарда маневр жұмыстарын жүргiзу үшiн;

өнеркәсiптiк теміржол көлiгi жолдарында және магистральды және станциялық жолдарға шықпайтын жолдарда пайдаланылатын теміржолдың тартқыш қозғалмалы құрамы;

көлiк құралының жалпы қуатының әрбір киловатынан айлық есептiк көрсеткiштiң

1 пайызы

Тар және кең табанды магистральды және станциялық жолдармен жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру үшiн пайдаланылатын мотор-вагонды қозғалмалы құрам, сондай-ақ қалалық  рельстік транспорттың көлік құралдары

 

көлiк құралының жалпы қуатының әрбір киловатынан айлық есептiк көрсеткiштiң

1 пайызы

Двигателiнiң көлемi 3000 текше см-дан жоғары, 2013 жылдың 31 желтоқсаннан кейін ҚР-да шығарылған немесе әкелінген жеңіл көлік құралдарына айлық есептiк көрсеткiштермен белгiленген мынадай ставкалар бойынша жүргiзiледi:

Рет

Салық салу объектiсi Салық ставкасы (айлық есептiк көрсеткiш)
1.

 

Двигателiнiң көлемi мынадай жеңiл автомобильдер (текше см.):  
3000-нан жоғары 3200-дi қоса алғанда 35
3200-ден жоғары 3500-дi қоса алғанда 46
3500-ден жоғары 4000-дi қоса алғанда 66
4000-нан жоғары 5000-дi қоса алғанда 130
5000-нан жоғары 200