Салықтар қандай белгілер бойынша жіктеледі?

  1. Өндіріп алу тәсілі немесе салық салу объектісі бойынша: тікелей және жанама салық;
  2. Жанама салықтардың жіктелуі: әмбебап жанама салықтар, жеке жанама салықтар, қазыналық монополия, кедендік баж;

Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді. Бұл салықтардың ең соңғы төлеушісі болып тауарды тұтынушы табылады.

  1. Тікелей салықтар: нақты және дербес салықтар;
  2. Объектінің экономикалық белгілері бойынша: тұтынуға және табысқа салынатын салықтар;
  3. Салық көлемін анықтау тәсілі бойынша: үйлесімді, үдемелі және кемімелі салық;
  4. Салық сомасы түсетін бюджет деңгейіне немесе салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай: республикалық және жергілікті салық;
  5. Пайдалану ретіне қарай: жалпы және мақсатты салықтар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *