Салық салынатын айналым мөлшерін анықтау

ҚҚС   төлеушінің  тауарларды   (жұмыстарды   қызмет   көрсетулерді)   өткізу бойынша жасаған айналымы салық салынатын айналымы болып табылады. Оған:

1/ ққс-нан босатылған;

2/ өткізу орны ҚР болып табылмайтын айналым қосылмайды.

көрсетуін білдіреді.

Тауарды, қызметті немесе жұмысты өткізу бойынша ҚҚС салынатын айналымды есептеу үшін міндетті тұрде баға мен ҚҚС қалыптасу төртібін білу қажет. ҚҚС жанама салық ретінде, оған қалыптасудың ерекше тәртібі тән, нақты Бір тауардың өндірілу кезеңінен бастап осы тәртіпті қарастырайық.

№ 1 «Лесхоз» көсіпорны тілінген тақтайларды 10 мың теңгеге сатады. ҚҚС – 1 200 теңге. Ол бюджетке — 1200 теңгені аударады.

№ 2 көсіпорын  -«Жиһаз фабрикасы» осы тақтайдан түстік столдар дайындап, оны 22 мың теңгеге сатты. ҚҚС — 2640 теңге. Бюджетке 1440 (2640-1200) аударады.

№ 3 кәсіпорын — «База» осы столдарды 36 мың теңгеге сатып адды. ҚҚС — 4320 тг. Бюджетке — 1680 тг (4320 — 2640) аударылады.

№ 4 кәсіпорын — «Дүкен» базадан осы столдарды 40 мың теңгеге сатып алды. ҚҚС – 4800 тг. Бюджетке — 480 тг (4800-4320) аударылады.

Сонымен, тауарды өндіру мен оны сатып алушыға жеткізгенге дейінгі кезеңдерде, бюджет барлық осы процеске қатысушы-кәсіпорындардан 4800 теңге (1 200 + 1 440 + 1 680 + 480) сомасында төлем алады. Бұл сома шот бойынша дүкен төлейтін салық сомасына тең, өз кезегінде оны сатып алушы дүкенге түстік столдың сатып алу құнын төлеу кезінде төлейді.