- Түсті жөне қара металдар сынығының экспортын қоспағанда, экспортқа тауарлар өткізу бойынша айналымға нөлдік ставка бойынша салық салынады;
- Халықаралық тасымалдарға байланысты орындалатын жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге нөлдік ставка бойынша ққс салынады.
ҚР кеден зандарына сәйкес жүзеге асырылатын ҚР кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорты болып табылады. Мыналар:
1) экспортталатын тауарларды беруге жасалған келісім-шарт;
2) тауар шығаруды экспорт режимінде жүзеге асырған кеден органының белгісі соғылған кедендік жүк декларациясы тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.
3) ҚР-ның кеден шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі соғылған тауардың ілеспе құжаттарының көшірмесі тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.
Халықаралық тасымалдарға байланысты жүзеге асырылатын жұмыстарға қызмет көрсетулерге мыналар жатады:
1) ҚР-ның аумағынан экспортталатын тауарларды тасымалдау, тиеу, түсіру, қайта тиеу, жөнелту жөніндегі жұмыстар, қызмет көрсетулер, сондай-ақ ҚР-ның аумағы бойынша транзит арқылы жіберілетін тауарлар;
2) ҚР-ның шегінен тыс жерлерге поштаны, жолаушыларды, жүк тасымалдауға байланысты жұмыстар, қызмет көрсетулер;
3) Халықаралық рейстерге техникалық, коммуналдық, аэронавигациялық, әуежайлық қызмет көрсету.