ҚР-нда жеке табыс салығын салу механизмі

Жеке  тұлғалардың табыс  салығы  мынадай  әдістер  бойынша  алынады:

  • Декларация бойынша;
  • Төлем көзі бойынша;

Декларация  бойынша салық —  салық  төлеушінің  декларациясында  көрсетілген жылдық  жиынтық  табыс көлеміне   байланысты және  онда  көрсетілген шегерістер мен  жеңілдіктерді  ескере  отырып  анықталады.

Жеке табыс салығы бойынша декларацияны мына резидент салық төлеушілер:

1) дара кәсіпкерлер;

2) жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар;

3) мүліктік табыс алған жеке тұлғалар;

4) басқа табыстар, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде табыстар алған жеке тұлғалар;

5) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар табыс етеді.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар, сондай-ақ жеке тұлғалар табыстары мен Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де орналасқан және салық салу объектісі болып табылатын мүлкі туралы декларацияны табыс етеді.

Салық  төлеушілер  табыстар  туралы декларация  және  табыстары  мен  мүліктері туралы  мәліметтерді  салық  органдарына  салық  заңдылығына  сәйкес есепті  жылдан  кейінгі  салық  жылының  31 наурызына  дейін  тапсырады.

Төлем  көзі  бойынша  табыс  салығын  салық  төлеушінің  қызмет  ететін жұмыс  орындағы  бухгалтерия  қызметкерлерінің   есептеуімен  анықталып  төленеді.

Келісім-шарт   бойынша  жұмыстан , сондай-ақ бір  жолғы  төлем  түрінде алынған жеке  тұлғаның  табыстарынан  табыс  салығы  қайта  есептеу  коэффициентін қолданбай , жалпы  тәртіпте  есептелінеді  және  ұсталынады.

Салық  агенттер  жеке табыс салығын  есептеу  мен  ұстап қалуды  төлем  көзінен  салық  салынатын табыс  төленетін  күннен  кешіктірмей  жүргізіледі. Салық  агенттері  төленген  кірістер  бойынша  салықты  аударуды  төлем  төленетін  айдан  кейінгі  айдың 15-іне  дейін  өзінің  орналасқан  жері  бойынша  жүзеге  асырылады.