Мемлекеттік баж алу объектілері

Төменде аталғандардан мемлекеттік баж алынады:

1) сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан), апелляциялық ша-ғымдардан, атқару парағының дубликатын беру туралы мэселе бойынша сот үйғарымына жеке шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы өтініштерден, сондай-ақ соттың шетел соттары мен арбитраждарының шешімдері бойынша орындау парағын, қүжаттардыц көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін;

  • нотариаттық іс-қимылдар жасағаны үшін, сондай-ақ нота-риат куэландырған кұжаттар көшірмелерін (дубликаттарын) бер-гені үшін;
  • азаматтық хал актілерін тіркегені үшін, сондай-ақ азамат-тарға азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куэліктерді жэне азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтіруге байланысты куәліктерді қайтадан бергені үшін;
  • шетелге баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден адамдарды шақыруға құқық беретін қүжаттарды ресімдегені үшін, сондай-ақ осы қүжаттарға өзгерістер енгізгені үшін;
  • шетелдіктердің паспорттарына немесе оларды ауыстыра-тын қүжаттарына Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына виза бергені үшін;
  • Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы қүжаттарды ресімдегені үшін;
  • түрғылықты жерін тіркегені үшін;
  • аңшылық қүқығына рүқсат бергені үшін;
  • Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін бергені үшін;

10) қаруды жэне оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Респу бликасының аумағына экелуге жэне Қазақстан Республикасынан экетуге рүқсат бергені үшін;

11) азаматтық қаруды (аңшылық суық қаруды, пневматикалық қаруды жэне аэрозольдық газды қүрылғыларды қоспағанда) тіркегені жэне қайта тіркегені үшін;

12) Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартқа сэйкес Қазақстан Республикасында жасалған, ресми қүжаттарға Қазақстан Респу бликасының Үкіметі уэкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін;

13) жүргізуші куэлігін, көлік қүралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куэлікті, мемлекеттік нәмір белгілерін бергені үшін.