Экологиялық құқық бұзушылық

 Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін заң алдындағы жауаптылық Қазастанда экологиялық заңдардың бұзылуы кең тараған. Қоршаған ортаны қорғауға байланысты мемлекет белгілеген ережелерді бұзу заң бойынша жауапкершілікке соқтырады. Өкінішке орай елімізде экологиялық заңдарды бұзатын жағдайлар жиі кездеседі. Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз жеке және заңды тұлғалардың (мекеме, ұйым, ұжым) мемлекеттің эколгиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты қаупін тудыратын құыққа қайшы келетін әрекет немесе әркетсіздік түріндегі іс қимыл. Экологиялық құқық бұзушылық белгелерін қарастырайық:

  •  Құқық бұзушылық кінәсінің болу. Кінә­ол құқық бұзуышының жасаған құыққа қарсы әрекетіне психикалық қатынасы, ол қасақана не абайсызда болуы мүмкін. Мысалы: заңсыз аңға шығу, ормандағы ағаштарды заңсыз кесу тек қасаналы болады, ол судың, жердің, ауаның ластануы абайсыздан болу мүмкін.

  •  Құқық бұзушының құқыққа қарсы мінез­құлқы. Бұл экологиялық нормалардың және басқа да заңдардың бұзылуын білдіреді.

  •  Экологиялық құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігі қоршаған табиғи ортаға жеке заңды тұлғалардың, мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне келтіретін нақты зиянының болуы немесе келтіру қаупінің болуын қарастырады.

  •  Құқыққа қарсы әрекет пен келтірілген зиян арасындағы себепті байланыстың болуы.

  •  Құқық бұзушыға заңды жауаптылық шараларын қолдану яғни жазалану белгілері қолданылады.

 Экологиялық құқық бұзушылық жасалған уақытта әдетте қоршаған ортаға адамдардың өмірі мен денсаулығына экономика мүдделеріне көп аспектілі зиян келтіріледі.

 Экологтялық зиянның болуы экологиялық құқық бұзушылықтың болуына пара пар келеді. Бұл зиян бірден байқалмай ұзақ уақытқа созылуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар қоршаған ортаға келтірілген зиянның орын толтыру мүмкін емес. Эколиялық зияын табиғаттың жай күйінің өзіне әсер етеді. Экологиялық құқық бұзушылық әртүрлі болады. Олар келтірілген зиянның сипатына қарай мынадай түрге бөлінеді:

  •  Қоршаған табиғи ортаны және жекелеген табиғи объектілерді (орман, су, жер қойнауы және т.б.)

  •  Табиғи объектілерді бүлдіру, бұзу, жою (жерді бүлдіру, қызыл кітапқа енгізілген жануарларды жою, орманды ағын сулармен құрту т.б.)

  •  Табиғи қорлардың азып­тозуы

  •  Табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалану. Мысалы: суды ысырапсыз пайдалану