Экологиялық басқарудың мақсатын басшылыққа ала отырып атқарылатын экологиялыққызмет түрлері

 Табиғаттың негізгі ресурстарын пайдалану мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқару қоғамда әлеуметтік басқарудың бір саласы, яғни ол мемлекеттік экологиялық басқару болып табылады. Экология саласындағы мемлекеттік қатынастарды басқаруға негіз болатын 3 жағдай бар:

    • ҚРның табиғи ресурстардың жеке дара меншік иесі.

    • ҚР халықтың ресми өкілі

    • Қоршаған табиғи ортаны қорғау, оны адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы болуын қамтамасыз ету қызметін атқаратын мемлекет, оның органдары, лауазымды адамдарды заң жүзінде белгіленген өкілеттіктері шегінде жүзеге асыру құқығына ие болады.

 Мемлекеттік эколгиялық басқару табиғи ресурстарды жер, су, орман, жер қойнауы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің қорларын дұрыс пайдалануды қорғаулы табғи ортаның оның өмірі мен денсаулығына қолайлы болуы саласындағы бағдарламалардың, жоспарлардың және шаралардың орындалуын ұйымдастыруды іске асыру болып табылады.

 Бұл салада мемлекеттік экологиялық басқарудың құқықтық негіздері ҚРның Конститутциясы «қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы заң» : жер кодексі, жер қойнауы, су, орман кодекстері, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі атмосфералық ауаны қорғау және басқа заңдар мен заңдық актілер. Басқарудың мақсаты экологиялық бағдарламалардың, жоспарлардың және шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, адам өміріне, денсулығына қолайлы жағдай жасау. Экологиялық басқарудың мақсаттарын басшылыққа ала отырып атқарылатын экологиялық қызметі мынадай түрлерге бөлінеді:

  •  ҚР ның мемлекетті экологиялық бағдарламасын обылстардың, қалалардың, аудандардың бағдарламаларын әзірлеп, жүзеге асыру.

  •  Қоршаған табиғи ортаны қорғау мен оны пайдалануды басқарудың экономикалық тетігін белгілеу,

  •  Табиғи ресурстарды пайдалануға беруге және ақы төлеу тәртіптерін белгілеу,

  •  Табиғи ресурстарды есепке алу, бағалау

  •  Жалпы бірдей экологиялық тәрбие мен білім беруді ұйымдастыру

  •  Қоршаған табиғи ортаның сапасын нормалау

  •  Табиғи қорларды пайдаланудың эколлгиялық нормативтерін белгілеу