Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы заңының міндеттері

 Табиғатты қорғау табиғаттың өзіндік болмысын сақтау немесе оны ұалпына келтіру арқылы табиғи реурстарды ысырапсыз пайдалану үшін құрылған мемелекеттік жүйедегі қоғамдық шара. Ол әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Соның бірі айналадағы табиғи ортаны құқықтық қорғау. ҚР экологиялық құқығы «айналадағы табиғи ортаны қорғау» туралы заңы адамның өмірі мен денсаулығы үшін, айналадағы табиғи ортаның қолайлы болуына тиісті құқықпен қамтамасыз етуге қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін көздеп, айналадағы табиғи қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеуге және адам қызметінің осы табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеуге, табиғи тепе теңдікті сақтаумен, табиғатты ұтымды пайдалану ісін ұйымдастыруға бағытталған.

 Республикада айналасындағы табиғи ортаны қорғау жөніндегі қатынастар еліміздегі табиғи ортаны әсер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау туралы заңдарымен реттеледі. Бұл заңдылықтардың міндеттері:

  •  Адамның тұруы үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету, табиғи қорларды ұтымды пайдалану, жаңғырту және неғұрлым ұзақ мерзімге сақтау, айналадағы табиғи ортаны сауықтыру мен жақсарту оған шаруашылық және өзге қызметтің зиянды ықпал жасауында жол бермеу мақсатында айналадағы табиғи ортаны қорғау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттеу.

  •  Осы қоғамдық қатынастар саласында азаматтардың кәсіпорындардың, мекемелермен ұйымдардың құқықтарын қорғау.

  •  Табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық шараларын белгілеу.

  •  Әр алуан экологиялық жүйелер мен өңірлерді бірегей табиғи объектілерді және соларға байланысты мәдени мұраны сақтау.

  •  Қоғамдық қатынастардың осы саладағы заңдылық және құқықтық тәртібін нығайты.

 ҚР­ның мемлекеттік экологиялық қызметі оның табиғатты қорғау шаралары жүйесінде қаралады. Олардың ішінде табиғат қорларын есепке алу, бағалау, айналасындағы табиғи ортаны қорғау мен пайдалануды басқарудың экономикалық тетіктерін белгілеу, жоспарлау, қаржыландыру, ақы төлеу, экологиялық заң актілерін қабылдау және оларды қолдану осы табиғи ортаны қорғау саласында басқару мен бақылау, сараптама жүргізу, ғылыми зерттеу қызметін ұйыдастыру, экологиялық кадрлар даярлау, білім, тәрбие беру және бұл салада халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру ерекше орын алады.

 Айналадағы табиғи ортаның қолайлы жағын анықтап оны сауықтыруды қамтамасыз ету жөніндегі нысаналы да тиімді қызметін ұйымдастыру үшін республикалық, мемлекеттік, экологиялық бағдарламасы облыстардың, қалалар мен аудандардың экологиялық бағдарламалары әзірлені, жүзеге асырылады. Бұл бағдарламаларға әзірлеу тәртібі белгіленеді.

  • Экология саласнда мемлекеттік қатынастарды басқарудың негізгі 3 жағдайы

 Табиғаттың негізгі ресурстарын пайдалану мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқару қоғамда әлеуметтік басқарудың бір саласы, яғни ол мемлекеттік экологиялық басқару болып табылады. Экология саласындағы мемлекеттік қатынастарды басқаруға негіз болатын 3 жағдай бар:

  •  ҚРның табиғи ресурстардың жеке дара меншік иесі.

  •  ҚР халықтың ресми өкілі

  •  Қоршаған табиғи ортаны қорғау, оны адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы болуын қамтамасыз ету қызметін атқаратын мемлекет, оның органдары, лауазымды адамдарды заң жүзінде белгіленген өкілеттіктері шегінде жүзеге асыру құқығына ие болады.

 Мемлекеттік эколгиялық басқару табиғи ресурстарды жер, су, орман, жер қойнауы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің қорларын дұрыс пайдалануды қорғаулы табғи ортаның оның өмірі мен денсаулығына қолайлы болуы саласындағы бағдарламалардың, жоспарлардың және шаралардың орындалуын ұйымдастыруды іске асыру болып табылады.

 Бұл салада мемлекеттік экологиялық басқарудың құқықтық негіздері ҚРның Конститутциясы «қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы заң» : жер кодексі, жер қойнауы, су, орман кодекстері, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі атмосфералық ауаны қорғау және басқа заңдар мен заңдық актілер. Басқарудың мақсаты экологиялық бағдарламалардың, жоспарлардың және шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, адам өміріне, денсулығына қолайлы жағдай жасау. Экологиялық басқарудың мақсаттарын басшылыққа ала отырып атқарылатын экологиялық қызметі мынадай түрлерге бөлінеді:

  •  ҚР ның мемлекетті экологиялық бағдарламасын обылстардың, қалалардың, аудандардың бағдарламаларын әзірлеп, жүзеге асыру.

  •  Қоршаған табиғи ортаны қорғау мен оны пайдалануды басқарудың экономикалық тетігін белгілеу,

  •  Табиғи ресурстарды пайдалануға беруге және ақы төлеу тәртіптерін белгілеу,

  •  Табиғи ресурстарды есепке алу, бағалау

  •  Жалпы бірдей экологиялық тәрбие мен білім беруді ұйымдастыру

  •  Қоршаған табиғи ортаның сапасын нормалау

  •  Табиғи қорларды пайдаланудың эколлгиялық нормативтерін белгілеу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *