Арматура болаттарының класы және қолдану аймағы

Әдеттегі темірбетоннан бұйымдар мен контрукциялар дайындау кезде қолданылатын арматура және арматуралық болаттардың түрлері :1) өзекті ыстық түрде алынған (горячекатанная) оқтын-оқтын (периодичес-кого) профильді маркасы Ст.5-тен жасалынған (σт =30 кгс/мм2, Rн =50 кгс/мм2) A-II классты, маркасы 25Г2С, 35ГС ж.б. (σт =40 кгс/мм2, Rн = 60 кгс/мм2) аз көміртекті тегіс болаттардан алынған А-III классты және монтаждау ілмектерге арналған маркасы Ст.3-тен жасалынған (σт=24 кгс/мм2 и Rн =38 кгс/мм2) А-I классты арматуралар. Арматуралық болат 6-12 м ұзындықпен шыбықшалар түрінде будақтарда (пачкаларда); диаметрлері 14 мм-ден кем болса оралмада (мотокта) және шығанақтарда (бухтада) жеткізіліп тұрады.2) мұздай түрде тартылған (холоднотянутая), диаметрлері 3-тен 8 мм-ге дейін және ыстық түрде алынған (горячекатанная) диаметрлері 6-дан 8 мм-ге дейін сым-катанка В-I классты арматуралар.Алдын ала кернеулі темірбетон контрукциялары мен бұйымдарды дайындау кезде кернелетін арматура ретінде арматуралық болаттардың келесі түрлері қолданылады:1) өзекті ыстық түрде алынған (горячекатанная) аз көміртекті маркалары 20ХГСТ, 20ХГ2Ц ж.б. (σт=60 кгс/мм2 и Rн = 90   кгс./см2А-IV классты, сонымен қатар ыстық түрде беріктелген үзуге нормативті кедергісі  100 және 120 кгс/мм2 сәйкесті және созу арқылы беріктелген маркалары 35ГС и 25Г2С (σт = 55 кгс/мм2 σт = 60 кгс/мм2) болаттан жасалынған А-III классты арматуралар.2) жоғары беріктікті мұздай түрде тартылған, тегіс В-II классты және оқтын-оқтын профильді Bр-II классты үзуге беріктік шегі 200-ден 140 кгс/мм2қа  сәйкесті (сым диаметріне тәуелді) және 180-ден 120 кгс/мм2қа дейін салыстырмалы ұзаюы 2-4 және 4-6% сәйкесті (сым диаметріне тәуелді), сонымен қатар ыстық түрде беріктелген тегіс және оқтын-оқтын профильді (65Г және 60С2 болат) диаметрі 6-8 мм үзуге беріктік шегі 150-140 кгс/мм2 салыстырмалы ұзаюы 5%-ға жақын Ат.к классты сым арматура. 3) жеті және он тоғыз сымдық мұздай түрде тартылған диаметрі 1,5-нан 5 мм-ге дейін және жалпы номинальдік диаметрі 4,5-нан 15 мм-ге дейін жеті сымдық және 7,5-нан 20 мм-ге дейін сәйкесті он тоғыз сымдық иірілген арматура. Иірілген арматураның беріктігі 190-нан 150 кгс/мм2қа дейін диаметріне сәйкес өзгереді.4) сымдар диаметрі 1,5-нан 3 мм-ге дейінгі екі немесе үш жеті сымдық немесе он тоғыз сымдық  өрілген арқан арматура; жеті сымнан өрілген екі өрімді арқанның жалпы диаметрі 9-дан 18 мм-ге дейін (сым диаметрлеріне байланысты) болады.Жоғары төзімді суық түрде тартылған сым және иірімдер ішкі диаметрі 1200 мм-ден 2500 мм-ге дейін болатын, сым диаметрінен тәуелді, үлкен орама түрінде арматурадан бұйымдар дайындайтын мекемелерге жеткізіліп беріледі. Орамадан жайылып,еркін жатқан сым түзу болуы және серіппеге оралмауы керек. Жоғары төзімді суық түрде тартылған сымның созымдылығын арттыру үшін металлургиялық өндіріс кәзіргі кезде төменгі температуралық күйдіру тәсілімен немесе кернелен түрінде жұмсарту жолымен жоғары төзімді суық түрде тартылған сым және иірімдерді шығара бастады. Бұндай сымдарды алу үшін, оларды 350-400оС температураға дейін қыздырған майда 15-20 секунд ұстап соңынан ауада суытады. Осындай тәсілмен күйдірілген сымдар үзілуден бұрын 5-6% салыстырмалы кепілді созылымдыққа ие.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *