Арматура Алдын ала кернеуден арматураны дайындауды анықтау

Алдын-ала кернелген темірбетон бұйымдары мен конструкцияларын арматуралау.Алдын-ала кернелген темірбетон конструкцияларды дайындау кезде бұйым бетонының барлық көлденең кесігінде немесе тек оның созылу зонасында алдын-ала қысым жасау керек. Жасалынған қысымның мөлшері бетонда пайдалану барысында түсетін жүктеуден пайда болатын есепті созу кернеуінің мөлшерінен біршама жоғары болуы керек. Бұйымда жасанды жолмен ішкі кернеу жасап, конструкциядағы бетондарға тән емес кернеулер мен созу деформациясынан, бетонда алдын-ала қысу есебінен оларды өшіріп, босатуға, яғни осы материалға тән қысу кернеуін беруге болады. Бұл тәсіл темірбетон конструкцияларының жырықша пайда болуына төзімділікті едәуір дәрежеге көтереді.Иілетін элементтер үшін, конструкцияны есептеген кезде табылатын, бетондағы алдын-ала қысу мөлшері, әдетте 50-60 кгс/см2 жүктеуден аспайды, ал біліктік созылуға жұмыс істейтін элементтер үшін ол жоғары;  қысымды темірбетон құбырлары үшін, бетонның алдын-ала қысу мөлшері, құбырдағы қысым мөлшеріне байланысты, 100-ден 150 кгс/см2 аралығында болады.Алдын-ала кернелген конструкцияларды дайындау процессінде бетонды қысу, сонымен бірге осы қысымды конструкцияның барлық қызмет мерзімінде сақтап қалу, бұйымда керілген арматураның бетонда берік бекіту шарттары орындалған жағдайда пайда болатын күштердің созылмалы әрекеттерімен іске асырылады. Бұл бекіту кернелген арматура мен бетон арасында ұстасу күштері арқылы, ал керекті жағдайда – қосымша анкерлік жабдықтар көмегімен пайда болады.Яғни, алдын-ала кернелген темірбетон конструкциялары мен бұйымдарының негізгі арматурасы, берілген мөлшерге дейін бетонды алдын-ала қысу көмегімен  орнықтыратын кернелген болат арматура болып табылады.