Адамдардың табиғатқа әсерінің түрлері

 Қоғам мен табиғат арасында қарым қатынас басталғаннан бері күні бүгінге дейін адамның табиғатқа жасайтын ықпалы біркелкі емес. Адам баласы тіршілігін сақтау үшін өмір бойы табиғи құбылыстармен күресуде. Қақаған аяз бен аптап ыстық кездерде өлмеу үшін ішер тамақ, киер киім табу қажет болды. Адам баласының санасының ең бір жетілген кезеңі отты пайдалануды үйренген кезі. Алайда сол от арқылы адам баласы айналаны түтінмен ластап, орманды өртеп, биосфераға зиянын тигізе бастағанын білген жоқ. Адамның ол кездегі табиғатқа ықпалы көлемінің аздығы сондай оын қазіргі кездегі табиғатқа жасалып жатқан өзгерістермен салыстыру мүлдем мүмкін емес.

 Адамның табиғатқа әсерін тікелей әсер, жанама әсер және құрама әсер деп 3 топқа бөлуге болады. Бұл әсер түрлері шамамен алынып отыр, олардың арасында шекара жоқ десе де болады. Адамның табиғаттың қорына бірден барып жасаған әсерін тікелей әсер дейді. мынсалы: адамың жер жыртуы, ағашты кесуі, т.б.

 Табиғатқа жасалатын жанама әсер тікелей әсердің салдарынан туады. Табиғатқа жасалатын жанама әсердің салдары тікелей әсерден әлдеқайда қауіпті. Себебі жанама әсердің жақын арадағы немесе көп уақыттан кейін білінетін зиянды салдарының көлемін анықтау қиын. Адамның табиғатқа жасаған жанама әсерінен болатын зиянның экономикалық көлемі тікелей әсердің зиянынан әлдеқайда артып кетуі мүмкін.

 Табиғатқа жасалатын тікелей әсер мен жанама әсердің басы қосылып құрама әсерді туғызады. Адамның табиғатқа әсері арнайы түрде және арнайы емес жүруі мүмкін. Табиғатқа адамның әсері алдын ала шешіліп белгілі мақсатты орындау үшін жүретін болса арнайы әсер болып шығады. Бұл табиғат байланыстарын белгілі бір мақсатқа пайдалану кезінде жүреді және бұл әсерді жұмыс деңгейіне және табиғи байлансытың мөлшеріне байланысты жоспарлы жүргізуге болады. Табиғатқа адамның арнайы емес әсері сенбі, жексенбі қүндері көп жиналатын демалыс орындарында болады.