Жер салығын есептеу мен төлеу тәртібі

Жер салығын есептеу әрбір жер учаскесі бойынша жеке салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі. Жер салығы салық төлеушіге жер учаскесі берілген айдан кейінгі айдан бастап есептеледі.

Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша салық олардың осы жер учаскесіндегі үлесіне сәйкес есептеледі.

Заңды тұлғалар жер салығы сомаларын салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейді. Заңды тұлғалар салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті. Ағымдағы төлемдерді ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімдерде төленуге тиіс.

Жыл ішінде жер салығын есептеу мен төлеу бойынша міндеттемелер туындаған кезде салық төлеушілер салық міндеттемелері туындаған күннен бастап 30 күн ішінде салық органдарына табыс етуге тиіс.

Жеке тұлғалар төлеуге жататын жер салығын есептеуді салық органдары тиісті салық ставкалары мен салық базасын негізге ала отырып, 1 тамыздан кешіктірмей жүргізіледі.

Жеке тұлғалар бюджетке жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлейді.

Жер салығын есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі болып күнтізбелік жыл табылады.

Жер салығын төлеушілер осы салық бойынша декларацияны есеп берілетін жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салық салу объектілері орналасқан жерлері бойынша салық органдарына табыс етеді.

Салық төлеуші салық кезеңінде декларация табыс ету мерзімі басталғаннан кейін 10 күн мерзімнен кешіктірмей біржолата есеп айырысуды жүргізіп, жер салығын төлейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *