Жеке тұлғалармен мүлік салығын төлеу тәртібі қандай?

Салық салу объектілері Есептеу тәртібі
1 Бірнеше жеке тұлғаның ортақ үлестік меншігіндегі салық салу объектісі үшін олардың осы мүліктегі үлесіне барабар (пропорционалды)
2 Бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші бір жеке тұлға болған жағдайда әрбір салық салу объектісі бойынша бөлек есептеледі
3 Жаңадан салынған (құрылған) салық салу объектілері бойынша Салық олардың салынған жылынан кейінгі салық жылынан бастап есептеледі
4 Салық салу объектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде Осы фактілерді растайтын құжаттар болған жағдайда салық сомасы қайта есептеледі
5 Салық кезеңі ішінде салық төлеушінің салық төлеуден босатылу құқығы туындаған кезде Осы құқық туындаған айдан бастап салық сомасын қайта есептейді
6 Салық кезеңі ішінде салық салу объектілеріне меншік құқықтары ауысқан (берілген) жағдайда Мүлікке меншік құқықтарын жүзеге асырудың нақты кезеңі үшін есептеледі

Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметке пайдаланылмайтын мүлкіне жылжымайтын мүлікті бағалау және тіркеу органдарымен анықталатын құнына қарай сараланған (дифференциалды) ставкалар бойынша салық салынады.

Сонымен қатар салық органдары ағымдағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей бюджетке төленуге тиіс салық сомасы туралы төлем хабарламасын (извещения) жіберуге тиіс. Жеке тұлғалар салықты ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлеуге тиіс. Уақытылы төленбеген салық сомасына салық төлеу күнін қоса, өткен әрбір күн үшін ҚР Ұлттық Банкі белгелеген қайта қаржыландыру ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде өсімақы (өсімпұл) алынады. Мысалы, ҰБ белгелеген қайта қаржыландыру ставкасы 10,5% делік. Бұл жағдайда алынатын өсімақы мөлшері 0,07% (2,5×10,5%):365 күн) құрайды. Егер 3500 теңге мөлшеріндегі салық  1 қазанда төленбей, 16 қазанда төленген жағдайда, өсімақы сомасы 315 теңгені (3500 тг. x  0,07%) x 15 күн) құрайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *