Төлемақылардың экономикалық мазмұны, айрықша белгілері

Төлемақы дегеніміз — белгілі бір қызмет түрін пайдаланған кезде төленетін міндетті төлем.

Салық пен төлемақының бірнеше айырмашылықтары бар:

  • біріншіден, төлемақы өтеулі және баламалы төлем, яғни төлемақыны белгілі бір объектілерді пайдаланған кезде төлейді;
  • екіншіден, төлемақы мемлекеттің азаматтық құқыққа сәйкес азаматтық–құқықтық қатынастар кезінде туындайды.