Салық салу мақсатында Қазақстанның барлық жерлері
Салық салу мақсатында Қазақстанның барлық жерлері, олардың арналған нысанасы мен тиесілілігіне қарай мынадай санаттарға бөлінеді:
- ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер;
- елді мекен жерлері;
- өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне сауықтыру, қалпына келтіру, тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер;
- орман қорының жерлері;
- су қорының жерлері;
- запастағы жерлер.
Жердің мынадай сипаттары:
- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;
- Орман қорының жерлері;
- Су қорының жерлері;
- Запастағы жерлер салық салуға жатпайды.